00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президент екі күнде 27 кездесу өткізді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президент екі күнде 27 кездесу өткізді
ашық дереккөз

Президенттің АҚШ-қа жасаған сапарының екінші күні де аяқталды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Руслан Желдібайдың айтуынша, 20 қыркүйектің басты оқиғасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясының Жалпы дебаты болды. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған шарада сөз сөйлеп, бірнеше жаһандық өзекті мәселені көтерді.

Президент өз сөзінде бұрыннан қалыптасқан әлемдік қауіпсіздік жүйесін қалпына келтірудің, территориялық тұтастықты сақтаудың, елдердің егемендігін құрметтеудің маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы Азық-түлік жөніндегі жаһандық саммитке де қастысып, сөз сөйледі. Президент әлемдік нарықтағы Қазақстанның рөлін аттыруға бағытталған бірнеше ұсыныс айтты. Ол еліміздің астық және басқа азық-түлік түрлерін тұрақты жеткізуіне, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға қатысты болды, - деп жазды Р.Желдібай.

Оның айтуынша, биылғы шетелдік сапарларда Президент ең жиі көтерген мәселенің бірі – көлік-логистика мәселесі. Яғни, бүгінгі күрделі геосаяси жағдайға қарамай, отандық тауарларды әлемдік нарыққа шығараудың жаңа жолдары үнемі қарастырылып жатыр. Себебі бұл ел экономикасына тікелей ықпал ететін маңызды фактор.

Бүгін Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельмен, Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен, Аустрия Президенті Александр Ван дер Белленмен, Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Президенті Питер Маурермен кездесіп, екіжақты мәселелерді талқылады. Сондай-ақ Иордания Королі ІІ Абдалламен, Қатар Әмірі Тамим бин Хамад Әл Танимен әңгімелесті, - деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, Президент соңғы екі күнде 27 кездесу өткізіп, 3 ірі іс-шараға қатысты.