00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан аймақтағы кез келген даулы мәселені тек бейбіт жолмен шешуді жақтайды - Тоқаев

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан аймақтағы кез келген даулы мәселені тек бейбіт жолмен шешуді жақтайды - Тоқаев
ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elorda.info.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға және тәжік халқына барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан тәжік-қырғыз шекарасында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген жауынгер мен бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айтты.


– Біз бауырлас және достас мемлекеттердегі бұл қайғылы оқиға бізді қатты алаңдатады. Қазақстан аймақтағы кез келген даулы мәселені тек бейбіт жолмен және саяси дипломатиялық әдістермен шешуді жақтайды, – делінген жеделхатта.


Қазақстан Президенті қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.