00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Украина елшісі кешірім сұрады – СІМ

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Украина елшісі кешірім сұрады – СІМ
ашық дереккөз

Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский дөрекі сөздері үшін кешірім сұрады, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифинг барысында айтты.

Біз Украина елшісін шақырып, оның мәлімдемесіне өз наразылығымызды жеткіздік. Ол кешірім сұрап, мұны елінде соғыс болып жатқанына байланысты эмоция үстінде айтқанын мәлімдеді, - деді Айбек Смадияров.

Оқи отырыңыз: СІМ Украинаның Қазақстандағы елшісіне наразылық білдірді

Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Петр Врублевский сұқбатында «Орыстарды барынша қырып-жою керек. Қазір біз мейлінше олардың көзін жойсақ, ертең біздің ұрпағымыз қан төкпейтін болады» деген пікір айтқан.