Ұлы ұстазға арналған пошта маркасы шықты
Марка енді ұлы тұлғаны тек әлем жұртшылығына танытып ғана қоймайды, сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлы бейнесі сан ғасырлар бойы ұрпақтар жадында сақталатын болады.
«Пошта маркасы қай елді де болмасын әлемге танытуда сол елдің «визитті карточкасы» саналатыны белгілі. Дизайны «Қазпошта» АҚ-мен келісілген. Арнайы мөрқалыбты марка конверттері әлем филателистері коллекцияларынан орын алары сөзсіз»,-делінген жазбада.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпаратына сәйкес аталған министрліктің 2022 жылғы 31 мамырдағы «Қазақстан Республикасы пошта төлемінің мемлекеттік белгілерінің түрлері мен көлемдерін бекіту және пошта айналымына енгізу туралы» бұйрығымен 2022 жылғы 3 маусымнан пошта маркасы 2 000 000 (2 миллион) дана мөлшерінде басып шығарылып, айналымға енгізілді.