00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Референдум мемлекет үшін де, халық үшін де маңызды процесс – Алуа Жолдыбалина

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Референдум мемлекет үшін де, халық үшін де маңызды процесс – Алуа Жолдыбалина
ашық дереккөз

Референдумда кез келген мәселе күн тәртібіне шығарыла бермейді. Ең жиі қаралатын мәселе – Конституцияға енгізілетін өзгеріс. Екіншісі, Президенттің өкілеттігін ұзартуға байланысты референдум. Үшіншісі, тәуелсіздікке қатысты. Мысалы, мемлекет бір одаққа мүше болғанда немесе мүшеліктен шыққанда референдум өткізіледі. Яғни осындай ел үшін де, халық үшін де тарихи маңызды мәселелер көп жағдайда референдумға шығарылады. Ал сайлауда халық  кандидатқа, партияға немесе президентке үміткерге дауыс береді, - деді А.Жолдыбалина.