00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бүгін Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бүгін Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл
ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы UNESCO (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization) құрамына 164- мемлекет болып кіді. ҚР Президентінің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майормен түскен суретін жариялады.

Суретте Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майор, Париж, 1992 жылғы мамыр.

ЮНЕСКО тізіміне енген еліміздің алғашқы нысаны Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болатын. ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген Қазақстандағы нысандар:

 Мәдени нысандар:

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, 2003 жыл;

Тамғалы археологиялық ландшафының петроглифтері, 2004 жыл;

Жібек жолы: Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің желісі, 2014 жыл.

Табиғи нысандар: Сары-Арқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері, 2008 жыл;

Батыс Тянь-Шань, 2016 жыл.

1992 жылы 22 мамырда ЮНЕСКО-ға мүше болу туралы актіге қол қойылғаннан кейінгі Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майордың бірге түскен суреті, Париж.