00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

АҚШ алғаш рет 11 қыркүйек оқиғасын ұйымдастырған лаңкестердің бейнесін жариялады (ФОТО+ВИДЕО)

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
АҚШ алғаш рет 11 қыркүйек оқиғасын ұйымдастырған лаңкестердің бейнесін жариялады (ФОТО+ВИДЕО)
ашық дереккөз

Видео Ұлыбритания сотының шешімінен кейін 11 қыркүйектегі шабуыл құрбандарының отбасыларына қолжетімді болды. 20 сағаттан асатын видео және аудиожазбалардан басқа, жұртшылыққа 14 мыңнан аса парақтан тұратын құжаттар жарияланды.

АҚШ-қа келген екі лаңкестің бірі Халид Әл-Мидхардың 2000 жылы қаңтарда асүйде жүрген сәті

Бейнежазба шабуылдан екі апта өткен соң Англияда Сауд Арабиясының азаматы Омар әл-Баюмиден алынған. Кадрларда 2000 жылдың ақпанында Сан-Диегодағы пәтерде болған Наваф Әл-Хазми мен Халид Әл-Мидхар көрсетіледі. Дәл осы адамдар кейін Нью-Йоркте, Пентагонда және Пенсильванияда ұшақтарды басып алып, шабуылдарды ұйымдастырған. Сол шабуылдардан үш мыңға жуық америкалықтың өмірі қиылған еді. 

Сауд Арабия азаматы Әл-Баюми 11 қыркүйектен кейін 2 апта өтпестен британиялық полицейлердің қолына түсті

Әл-Баюми шабуылдарды ұйымдастыруға көмектесті деген күдікке ілінген, бірақ кейін босатылды. CBS News онымен Сауд Арабиясының елшілігі арқылы байланысуға тырысқан, бірақ тек "11 қыркүйектегі шабуылдарға Сауд Арабиясының қатысы бар деген кез келген мәлімдеме жалған" деген жауап алды. Телеарна жаңа дәлелдер пайда болуына байланысты әл-Баюмиге қарсы тергеуді қайта бастау мүмкіндігіне қатысты Федералдық тергеу бюросына ресми сауал жіберген. Ведомство түсініктеме беруден бас тартты.