00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ерлан Қошанов AMANAT партиясының төрағасы болып сайланды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ерлан Қошанов AMANAT партиясының төрағасы болып сайланды
ашық дереккөз

1962 жылы Қарағанды облысында туған. 1984 жылы – Қарағанды политехникалық институтын, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Институтты бітіргеннен кейін Жезқазған кен-металлургия комбинаты байыту фабрикасының слесары, шебері болып жұмыс істеген.

1988-1990 жылдары – Қазақстан ЛКЖО Жезқазған облыстық комитетінің жұмысшы және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы, жастардың әлеуметтік-экономикалық проблемалары бөлімінің меңгерушісі.

1990-1995 жылдары – Жезқазған облыстық сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, төраға орынбасары, төрағасы.

1995-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

1999-2001 жылдары – Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі.

2001-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі.

2003-2006 жылдары – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.

2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы.

2007-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі.

2012-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы.

2017-2019 жылдары – Қарағанды облысының әкімі.

2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.

2022 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды.

І дәрежелі «Барыс» (2021), «Парасат» (2013), «Құрмет» (2007) ордендерімен және мерекелік медальдармен марапатталған.

Қазақ, орыс, неміс тілдерін меңгерген.