00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алтай Көлгінов AMANAT партиясы қалалық филиалының Саяси кеңес отырысын өткізді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алтай Көлгінов AMANAT партиясы қалалық филиалының Саяси кеңес отырысын өткізді
ашық дереккөз

Күн тәртібінде 2022 жылғы 26 сәуірде болатын партияның кезектен тыс XXIII съезіне Нұр-Сұлтан қалалық филиалынан 31 делегатты сайлау туралы мәселе көтерілді.

Сонымен қатар партияның қалалық филиал төрағасы Алтай Көлгінов Саяси кеңес мүшелерін партия төрағасының кезектен тыс XXII Съезде берген тапсырмасы аясында, елордада жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша хабардар етті.

Қоғамдық кеңестердің қызметін оңтайландыру мақсатында жекелеген қоғамдық кеңестер біріктіріліп, олардың саны 11-ден 9-ға дейін азайған.

Биыл қоғамдық кеңестердің 13 отырысы өткізіліп, онда 38 мәселе, оның ішінде партияның сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша 4 мәселе қаралды.

Партия филиалының қоғамдық қабылдауы да жаңа форматта жұмыс істей бастады. Биыл наурыз айынан бастап Өндіріс, Көктал-2, Оңтүстік-Шығыс, Кирпичный, Пригородный, Тельман тұрғын алаптарында 6 мобильдік қоғамдық қабылдау өткізілді.

Жалпы, жыл басынан бері елорданың 1,4 мыңға жуық тұрғыны филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш білдірді, оның 48%-ы оң шешімін тапты, 46%-ы бойынша түсініктеме берілді және 6%-ы жұмыс үстінде.

Қалалық мәслихаттағы AMANAT депутаттық фракциясының жұмысын жандандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Әрбір депутатқа бақылау жасау үшін қаланың тұрғын алаптары және сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша Жол картасының тармақтары бекітілген. Депутаттар қала тұрғындарымен тұрақты негізде кездесулер өткізуде.

Партияны трансформациялау шеңберінде жиналған партиялық жарналардың 20%-ы партиялық іс-шараларды өткізу, оның ішінде тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету үшін бастауыш партия ұйымдарына қайтарылады.
 
Съезд барысында ADAL саяси партиясының AMANAT партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарлануда.