Ералы Тоғжанов «Ақ жол» фракциясының депутаттарымен кездесті
Кездесуге қатысушылар халықтың өзекті мәселелерін жедел шешуді көздейтін Үкімет пен депутаттық корпус арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа неғұрлым тиімді форматын талқылады. Сондай-ақ мемлекеттік органдар депутаттардың өңірлерге сапары барысында халық көтеретін барлық мәселелерді егжей-тегжейлі зерттегені белгілі болды.
Вице-премьер өз сөзінде тұрақты диалогты жолға қою мен коммуникацияның заманауи құралдарын пайдалану қажеттігін атап өтті, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшыларына тұрақты кері байланыспен ден қоюдың барынша пәрменді нысандарын қолдануды және депутаттық корпуспен жұмыс мәселелерін ерекше бақылауға алуды, күнделікті негізде Парламентпен байланыс орнатуды, әрбір мемлекеттік органда Парламентпен жұмыс жасауға басшы орынбасарынан төмен емес деңгейде жауапты тұлғаны белгілеуді тапсырды.