Қауіпсіздік Кеңесінде қорғаныс саласындағы өзекті мәселелер қаралды
Отырысқа Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының өкілдері, Қарулы күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылығы қатысты.
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы, генерал-лейтенант Марат Құсайынов әскери доктринаны қайта қарау жөніндегі жұмыстың барысы туралы баяндады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында құжатты жаңарту қажет екендігін атап өткен.
Отырыс барысында аумақтық қорғанысты одан әрі дамыту шаралары, сондай-ақ қорғаныс саласындағы басқа да өзекті мәселелер қаралды.
ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәселелері мен негізгі бағыттарын қарастыратын консультативтік-кеңесші орган екенін атап өткен жөн.