00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президент Жолдауы Эфиопияда талқыланды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президент Жолдауы Эфиопияда талқыланды
ашық дереккөз

Іс-шараға CDRC Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, елші Текеда Алему, CDRC Атқарушы директоры, доктор Абдета Дрибса Бейене, CDRC атқарушы директорының орынбасары Касахун Дендер Мелезе, сондай-ақ орталықтың сарапшылары мен талдаушылары қатысты.

Қазақстан елшісі Барлыбай Садықов өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының негізгі бағыттары, оның ішінде Қазақстандағы саяси жүйенің түбегейлі өзгеруі және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы айтып берді.

Қазақстандық дипломат екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін жоғары әлеуетті, сондай-ақ көптеген халықаралық мәселелер бойынша тәсілдердің ұқсастығын атап өтті. Эфиопия Қазақстанның Африкадағы маңызды серіктесі болып табылады және еліміз өзара қызығушылық тудыратын барлық мәселелер бойынша ынтымақтастықты дамытуға мүдделі.

Іс-шара барысында елші Т.Алему сөз сөйлеп, республиканың жаңа даму кезеңінің басталуына серпін берген Қазақстандағы қаңтар айындағы оқиғаларды атап өтті. Эфиопиялық сарапшы жаңа Қазақстанның табысты құрылысы үшін барлық жағдайдың бар екенін атап өтіп, еліміздің басшылығы мен халқына табыс тіледі.

Сонымен қатар, семинар аясында Т.Алемуге Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және елдер арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 10 жыл толғанына орайластырылған, Қазақстанмен қарым-қатынастарды дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің алғыс хаты табыс етілді.