Air Astana Ресейге ұшатын барлық рейсті тоқтатты
Ресей Федерациясынан/Ресей Федерациясына және оның аумағынан өтетін коммерциялық рейстерді сақтандырудың тоқтатылуына байланысты 2022 жылдың 11 наурызынан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясының осы бағыт бойынша барлық рейстері тоқтатылды, – делінген хабарламада.
Тоқтатылған рейстердің жолаушылары авиабилетті сатып алу орны бойынша авиабилет құнын толық қайтаруды ресімдей алады. Әуе компаниямен келесі байланыстар арқылы байланысуға болады:
Тел.: +7 727 244 44 77 (08.00 – 00.00)
Тел.: +7 7172 584477 (08.00 – 00.00)
Моб.: +7 702 702 4477 (08.00 – 00.00)
WhatsApp: +7 702 702 0148 (08.00 – 20.00)
Online chat: airastana.com (24/7)
Ресейдегі байланыстар:
Тел.: +7 (495) 287 70 08/09
Тел.: +7 (495) 363 50 40
Моб.: +7 985 232 0436
Сондай-ақ, рейстердің тоқтатылуына байланысты, жолаушыларға кеңес беру үшін министрліктің Азаматтық авиация комитеті "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ базасында келесі нөмірлер бойынша жедел желі телефонын құрды:
Моб.: +7 700 2718951 (09.00-18.00)
Моб.: +7 700 2718952 (09.00-18.00)
Тел.: +7 7172 798 213 (09.00-18.00)
Тел.: +7 7172 798 215 (09.00-18.00)
Жолаушыларға әуекомпанияның ақпараттық хабарламаларын және броньдауда көрсетілген байланыс деректері бойынша жеке ақпаратты қадағалау ұсынылады.
Жолаушыларды Қазақстан мен Ресей арасындағы үздіксіз әуе қатынасымен қамтамасыз ету мақсатында министрліктің Азаматтық авиация комитеті "SCAT" қазақстандық әуе компаниясымен бірлесіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты рейстер санын, оның ішінде Нұр-Сұлтан – Мәскеу маршруттары бойынша аптасына 2-ден 7 рейске дейін және Алматы-Мәскеу маршруттары бойынша аптасына 7 рейске дейін жедел ұлғайту мәселесін пысықтады.