00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Партия халықпен тығыз қарым-қатынаста болуға тиіс – мәслихат депутаты

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Партия халықпен тығыз қарым-қатынаста болуға тиіс – мәслихат депутаты
ашық дереккөз

Партияны жаңғыртудың жаңа бағдарламасының барлық басымдықтары айқын әлеуметтік сипатқа ие, халықпен кері байланыс құралдарының тиімділігін арттыруға және партия қызметін қайта жүктеуге бағытталған. Партия халықпен тығыз қарым-қатынаста болуға тиіс, – деді депутат.

Оның ойынша, партия съезінен кейін Үкімет, жергілікті атқарушы органдар мен партияның аймақтық филиалдары жергілікті жерлердегі проблемаларды тиімді шешіп, сайлауалды бағдарламаны іске асыруда нақты тәсіл табуы керек. 

Өздерін таныта білген партиялық жобалардан басқа, «ТазаLike», «Әлеумет» және «Жаңа Қазақстанға арналған 30 инновациялық идея» сияқты жаңа жобаларды іске қосу жоспарлануда. Партияның басымдықтары қатарында партияның жасаруы, беделді жастар көшбасшыларын тарту және «Өрлеу», «Қайсар», «Партиялық контент-фабрика» сияқты жастардың әлеуетін дамытуға бағытталған жаңа жобаларды іске қосу болды, сондай-ақ партия жергілікті жерлерде партия қатарын ұйымдастырушылық және кадрлық нығайтуға ден қойды, – деді Г. Жапарова.