00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Германия президенті екінші мерзімге сайланды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Германия президенті екінші мерзімге сайланды
ашық дереккөз

Ол осы қызметте тағы 5 жыл отыратын болады. Президентті сайлауға жиналатын арнайы конституциялық органда 1 472 адам болса, соның 1 045-і Штайнмайерді қолдаған.

Штайнмайер алғашқы сөзінде Ресей президенті В. Путинге бейбішілікті сайтайтын жолды таңдау керектігін айтты.

Украинаның мойнына ілген ілмекті босатыңыз. Бізбен бірге Еуропада бейбітшілікті сақтайтын жолды таңдаңыз. Ресей мен Батыс елдері арасындағы қарама-қайшылық пікір туралы тоқтаусыз айтуға болады. Ал біз дәл қазір Шығыс Еуропа аумағында соғыс отының тұтануы алдында тұрмыз. Мұндай жағдайда бүкіл жауапкершілік Ресейдің мойнында болады, - деді ол.

Айта кетейік, Германия президенті негізінен өкілдік функцияларға жауапты. Ал сыртқы және ішкі саясат канцлер басқаратын үкіметтің құзырында.