00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету қажет – Мәжіліс төрағасы

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету қажет – Мәжіліс төрағасы
ашық дереккөз

Осы орайда бірінші кезекте, Парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету қажет. Халық сайлаған депутаттар – ең алдымен, өз сайлаушыларына жақын болу керек. Қоғамның үнін естіп, халықтың тілін түсіну және дер кезінде шаралар қабылдау – кез келген келеңсіздіктің алдын алудың негізгі алғышарты екені түсінікті. Сондықтан алдағы уақытта, депутаттар корпусының азаматтық сектормен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен, әсіресе, өңірлердегі қоғам белсенділерімен тығыз байланысын одан ары жандандыратын боламыз, – деді ол.

Мәжіліс спикерінің айтуынша, бұл – Президент бекіткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын нәтижелі жүзеге асырудың да басты ұстанымы.

Алдымызға қойылған жаңа міндеттерді табысты орындау үшін азаматтық қоғаммен қатар, мемлекеттік органдардың барлық тармақтарымен, соның ішінде, Сенатпен, Үкіметпен, Сот саласымен өзара тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз, - деді Ерлан Қошанов.