00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Тоқаев екі мерзімнен артық Президент болмайтынын айтты

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тоқаев екі мерзімнен артық Президент болмайтынын айтты
ашық дереккөз

Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауымда саясат пен экономика қатар жүретінін айтқанмын. Біздің қазіргі тарих шындығымызға қарап, алдымен экономиканы дамытамыз, кейін саясатқа көңіл бөлеміз деу – жарамайды. Көріп отырғанымыздай, экономикалық түлеуде саясат зор рөл атқарады, – деді Қ.Тоқаев сұхбатында. 

Бұдан кейін ол Президент болып отырғанда саясат пен экономиканы трансформациялауға уақыты жете ме, жоқ па білмейтінін, бірақ бір анығы – президенттік уәкілеттілігін ұзарту үшін заңдарға өзгеріс енгізбейтінін меңзеді. 

Мен қанша уақыт Қазақстанның Президенті болып отыратынымды білмеймін. Алайда, нақты білетінім – Конституцияға сәйкес, екі мерзімнен артық Президент болмаймын. Яғни, ешқандай заңды, оның үстіне, Конституцияны өзгертпеймін, – деді Президент.