Нұр-Сұлтан әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Малика Бектұрованың басқа қызметке ауысуына байланысты Президент Әкімшілігімен келісімімен 37 жастағы Ерлан Бекмұрзаев Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Бекмұрзаев еңбек жолын 2007 жылы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы болып бастаған. Осы жылдар ішінде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде сарапшы қызметін, 2017-2021 жылдар аралығында елорданың Инвестициялар және даму басқармасының орынбасары, бастығы болып жұмыс істеген. 2021 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы ауданының әкімі.
Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 15 жыл.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Дархан Жазықбай Өзбекстандағы Стратегиялық реформалар агенттігінің директорымен кездесті
22 қараша, 2024
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
22 қараша, 2024
Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды
20 қараша, 2024
Тоқаев Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс төрағасын Қазақстанға шақырды