00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Тез байыған шен-шекпенділер үрім-бұтағымен тексеріледі

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тез байыған шен-шекпенділер үрім-бұтағымен тексеріледі
ашық дереккөз

Бұл – бірінші кезекте жылжымайтын мүлікке қатысты құжат. Ал қатаң тексерістен өтетіндердің тізімін облыс, қала, аудан әкімдері бастайды. Бұл тізімге депутаттардың өзі, министрлер, партия басшылары да кіреді. Сот және прокурорлар да дүние-мүліктерінің маңдай термен келгенін дәлелдеуі қажет.

Шенділердің тек өзін ғана емес, жақын туыстары, оның ішінде зайыбын, балаларын, бауырларын да түгел тексеру көзделіп отыр. Өйткені шенеуніктердің барлығы айласын асырып, жиған-терген қаржысын жасырып, бар байлығын туған-туыстарының атына аударатыны жасырын емес.

«Егер Президент мақұлдаса, бұл жоба келесі жылдан бастап күшіне енеді. Нақты тізім де сол кезде белгілі болады. Шенеуніктер жылжымайтын мүлік сатып алатын болса, оның құны шектік мөлшерден аспауы тиіс. Асып кеткен жағдайда дереу тексеріледі. Тексерісті қаржылық мониторинг агенттігі жүргізеді. Жаңа заң жобасына сәйкес, бұрынғы басшылар, мемлекеттік қызмет өкілдері жұмыстан кетсе де 12 ай ішінде мониторингтік агенттіктің бақылауында болады», - дейді Сенат депутаты Ольга Перепечина.