00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Түркістанның жаңғыруы: Елбасы Қожа Ахмет Ясауи дәстүрін жалғастырды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Түркістанның жаңғыруы: Елбасы Қожа Ахмет Ясауи дәстүрін жалғастырды
ашық дереккөз

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қалаға облыс орталығы мәртебесін беру және оны түркі әлемінің рухани астанасы деп тану туралы шешімі Түркістанның дамуына қуатты серпін берді. Небәрі екі жылдың ішінде провинциялық қала өзгеріп, заманауи мегаполистің құрылымын тапты.

«Біз тәуелсіздік жылдары тағы бір маңызды нысанды салдық. Бұл – Түркістан қаласы. Ұзақ жылдар бойы Түркістан мұндай қайта жаңғыруды ешқашан көрген емес. Жаңа, ерекше қала. Барлық сәулет өнері түркі және қазіргі заманғы сәулет өнері негізінде жасалған. Бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, барлығы үшін де бірегей орын болады», - деді Елбасы.

Фильм авторы Майя Бекбаева түркілерді қайта түлету мен біріктіру идеясынан кезінде түрлі елдердің Мұстафа Шоқай, Кемал Ататүрік, Міржақып Дулатов, түркі халықтарының басқа да көптеген көрнекті көшбасшылары шабыт алғанын атап өтті.

XX ғасырдың соңына дейін Түркия жалғыз тәуелсіз түркі мемлекеті болған еді. КСРО ыдырағаннан кейін ғана картада Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан сынды 5 тәуелсіз түркі мемлекеттері пайда болды. Бұл елдердің тәуелсіздік алуы түркі әлемінің жандануы мен дамуына жаңа серпін берді.

«XXI ғасырда болашақта мәдениет пен мұраны сақтау, дамыту үшін Түркі елдері мен халықтарын біріктіру идеясы өте өзекті. Түркі кеңесі, Түркі елдерінің парламенттік ассамблеясы, Түркі академиясы, Түркі елдері көшбасшыларының Саммиті – Нұрсұлтан Әбішұлы бастаған осы бірлестіктердің барлығы бүгінде өз қызметін жалғастырып, түркі халықтарының ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған», - деп атап өтті Майя Бекбаева.

Елбасының 1991 жылы Түркістанда Халықаралық қазақ-түрік университетінің ашылуы туралы Жарлығы осы жолдағы маңызды қадамдардың бірі болды. Нұрсұлтан Назарбаевтың беделінің арқасында осы мақсат үшін Түркиядан елеулі инвестициялар тартылды.

Ұлы кемеңгер ақын және ойшыл Қожа Ахмет Яссауидің құрметіне аталған бұл оқу орны – түркі әлеміндегі алғашқы халықаралық университет.

«Бұл – Орталық Азиядағы ең үлкен университет. Онда түрлі мамандықтар бойынша 20 мыңнан астам студент оқиды. Елбасы 1991 жылдың жазында осы жобаға батасын бергенде, бұл ҚР Тұңғыш Президентінің Ұлы әрекеттерінің бірі болды. Шын мәнінде Нұрсұлтан Назарбаев Қожа Ахмет Ясауи дәстүрін жалғастырды», - деп мәлімдеді Ресейдің көшпелі мәдениет мұражайының директоры, этнограф Константин Куксин.

Демек, Түркістанның жаңа гүлденуі мен асқақтауы Қазақстанның беделін нығайтып қана қоймай, оны әлемдік қоғамдастық алдында одан да жоғары көтеріп, бүкіл түркі әлемі беделінің өсуіне қызмет ететініне еш күмән жоқ.