Біздің барлық өңірде Өзбекстанның президент сайлауына дауыс берілуде
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Сайлаушылардың 9,4 миллионнан астамы – ер, 10,3 миллионнан астамы –әйел. Ал 30 жасқа дейінгі 6 458 283 азаматтың 887 686-сы сайлауда алғаш рет дауыс беріп отыр. Сондай-ақ шет мемлекеттерде де 54 сайлау учаскесі ашылған.
Сайлау үдерісін қадағалауға шетелден 971 адам келген. Оның ішінде халықаралық ұйымдардан – 631, әлемнің 50-ге жуық елінен 340 бақылаушы бар.
Сайлау учаскелері біздегі Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларындағы Өзбекстанның дипломатиялық өкілдіктерінен де ашылған. Сондай-ақ басқа өңірлердің барлығында көшпелі сайлау комиссиялары жұмыс істеп тұр.
Еске сала кетсек, дауыс беру үдерісі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:41
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
Бүгін, 00:40
Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды
20 қараша, 2024
Тоқаев Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс төрағасын Қазақстанға шақырды
20 қараша, 2024
Қазақстан мен Мажарстан екіжақты берік байланыс орнатты – Тоқаев