00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтанда АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі өтті

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі өтті
ашық дереккөз

Аралас форматта өткен іс-шараға мүше мемлекеттер мен байқаушылардың өкілдері, байқаушы ұйымдар мен серіктестер ұйымдардың басшылары қатысты. 27 мүше мемлекеттің 23-і сыртқы саяси ведомстволар басшылығы деңгейінде қатысты.

Министрлер кездесуінің алдында оның қатысушыларын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады.
Министрлер кездесуін ашқан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м. а. Ақан Рахметуллин Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың отырысқа қатысушыларға арналған үндеуін оқып берді.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің құттықтау сөзін Орталық Азиядағы Превентивтік дипломатия жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Наталья Герман оқып берді.

Қазақстандық делегация басшысы атап өткендей "бүгінде үш онжылдық өткеннен кейін АӨСШК көпжақты дипломатияның тиімді форумы болып табылады". Оның айтуынша, COVID-19 пандемиясы жағдайында Азия елдері эпидемиологиялық, медициналық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қоса алғанда жаңа сын-тегеуріндермен айналысуда. Осыған байланысты АӨСШК-ні толыққанды халықаралық ұйымға трансформациялау туралы бастаманың маңыздылығы атап өтілді, бұл Кеңес шеңберіндегі саяси диалогқа жаңа маңызды серпін беруге, Азиядағы сенім шараларын іске асырудың тиімділігін арттыруға, жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің ортақ сын-тегеуріндерін шешуге мүмкіндік беруі тиіс.

Кездесу барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелер бойынша мазмұнды пікір алмасу орын алды, АӨСШК шеңберіндегі ынтымақтастықтың түрлі салаларындағы мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылының ағымдағы жай-күйі мен перспективалары талқыланды.

Делегациялар Елбасының бүгінде Азиядағы өңірлік ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерге нақты үлес қосып отырған АӨСШК-нің құрылуы мен эволюциясына қосқан зор рөлін атап өтті.

Кеңестің әлеуетін одан әрі нығайту және іске асыру жөніндегі жүйелі жұмыс үшін қазақстандық төрағалыққа ризашылық білдірілді.

Халықаралық қоғамдастықтың Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға тиімді жәрдемдесудің маңыздылығы атап өтілді. Кездесуге қатысушылар сондай-ақ Түрікменстанды АӨСШК-ге бақылаушы мемлекет ретінде қосылуымен құттықтады.

Тараптар кеңес шеңберінде бірлескен белсенді жұмысты жалғастыруға уағдаласты және Қазақстанның 2022 жылы АӨСШК-тің 6-шы Саммитін өткізу ниетін құптады.

Іс-шара қорытындысы бойынша бірқатар құжаттар қабылданды:

- АӨСШК төрағалығының мәлімдемесі. Құжатта Азиядағы қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету, жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы тұру, оның ішінде эпидемиологиялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруіне бейімделу, тұрақты экономикалық даму, цифрлық экономиканы ілгерілету, көлік және логистика, мәдени диалог және тағы басқа салалардағы өзара байланысты қамтамасыз ету үшін АӨСШК елдерінің ынтымақтастығын нығайтудың маңыздылығы атап өтілген. Ауғанстандағы жағдайға ерекше назар аударылды. АӨСШК талдау орталықтарының форумын тұрақты жұмыс істейтін алаңға айналдыру құпталады;

- АӨСШК сенім шараларының жаңартылған каталогы. Заманауи реалияларға бейімделген каталогқа ынтымақтастықтың эпидемиологиялық қауіпсіздік, қоғамдық денсаулық сақтау және фармацевтика, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, терроризмге қарсы күрес сияқты жаңа басым салалары кірді;

- АӨСШК Даналар кеңесі туралы ереже. Даналар кеңесі бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, сенім шараларын іске асыру мәселелерін, АӨСШК шеңберіндегі жұмыстың одан арғы бағыттары мен басымдықтарын қоса алғанда, АӨСШК-нің ағымдағы қызметі мен дамуының кең ауқымы бойынша АӨСШК консультативтік-кеңесші органы болуға тиіс;

- Бақылаушылар мәртебесіне қатысты АӨСШК рәсімдерінің ережелеріне түзетулер.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар Нұр-Сұлтан қаласындағы АӨСШК Хатшылығының жаңа офисін салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.