Алтай Көлгінов Ұлыбритания елшісімен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
“Экология, көгалдандыру, баламалы энергия көздері, көлік, медицина, сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэти Личпен бірге талқыладық. Оның ішінде, келесі жылы JCB компаниясымен бірлесіп, Нұр-Сұлтанда коммуналдық техниканы құрастыру кәсіпорнының ашылуы талқыланды.
Өздеріңіз білетіндей, коммуналдық қызметтер үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударамыз. Соңғы екі жылдың ішінде ғана коммуналдық қызметкерлерге 150-ден астам арнайы техника берілді. Жаңа мекеме жүйелі негізде коммуналдық кәсіпорындар паркін жаңартуды жалғастыруға, басқа қалаларға арнайы техника жеткізуге, тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді”, – деп жазды А.Көлгінов.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Дархан Жазықбай Өзбекстандағы Стратегиялық реформалар агенттігінің директорымен кездесті
22 қараша, 2024
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
22 қараша, 2024
Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды
20 қараша, 2024
Тоқаев Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс төрағасын Қазақстанға шақырды