Елімізде тағы бір қоғамдық кеңес құрылды


«Егемен Қазақстан» сайтының мәліметінше, Кеңес құрамына Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының президенті Ерлан Әбіл, Мәжіліс депутаты Айдос Сарым, М.Нәрікбаев атындағы ҚазГЮУ ректоры Талғат Нәрікбаев және Мұрат Әбенов, Исидор Борчашвили, Марат Бәшімов, Кәкімжан Бишманов, Айнұр Сәбитова, Мэлс Семғалиев, Ербол Өстеміров сынды қоғам қайраткерлері мен белсенділері кірді. Қоғамдық кеңестің төрағалығына ашық сайлау арқылы «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі сайланды.
Отырыста атап өтілгендей, жаңа заң талаптарына сәйкес Қоғамдық кеңес енді нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын және азаматтардың өтініштерін олардың қоғамдық маңызына қарай өздігімен алып, қарастыра алады. Сонымен қатар жергілікті деңгейде құқық қорғау органдары басшыларының есептерін тыңдауға, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік субъектілердің мемлекеттік сатып алулар жөніндегі конкурстық комиссияларына қатысуға құқылы. Яғни қоғам өкілдері агенттік қызметінде болып жатқан барлық үдерістерге белсенді тартылатын болады.



