Президент қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Фото: akorda.kz
Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram арнасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады.
– Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, – делінген құттықтауда.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 18:51
Мемлекет басшысы Digital Aqmola орталығында болды

Бүгін, 18:09
Мемлекет басшысы телекөпір арқылы Қосшы қаласын табиғи газға қосу рәсіміне қатысты

Бүгін, 13:26
Президент: «Көкшетаудың балмұздағын сатып аламыз»

9 қыркүйек, 2025
Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады