Оқиға

9 шілде, 2025
Астанада жалған доллармен сауда жасаған күдікті ұсталды
Астанада автодүкен иесі полицияға шағым түсірді. Күнделікті табысты санау барысында 100 АҚШ долларын құрайтын жалған банкнот табылған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

9 шілде, 2025
Дәрігерлер ұшақта есінен танып қалған жолаушыны аман алып қалды
9 шілдеде Атырау – Астана бағытындағы түнгі рейс кезінде жасы үлкен жолаушы өзін кенет жайсыз сезініп, есінен танып қалған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

9 шілде, 2025
Шымкент жастар театрында 136 млн теңгеден астам бюджет қаражаты ұрланған
Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті «Шымкент жастар театры» МКҚК директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты 136 млн теңгеден астам көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

9 шілде, 2025
Астаналық азамат үйін жөндетемін деп 4 млн теңгесінен айырылды
Астанада полицейлер құрылыс қызметтерін көрсетуге байланысты алаяқтық фактісін тергеп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

8 шілде, 2025
Жамбыл облысының ТЖД базасында жедел штаб құрылды
Қазақстан ТЖМ командалық орталығы және Жамбыл облысының ТЖД базасында жедел штаб құрылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

8 шілде, 2025
Полиция қызметкерін әдейі соққан мопед жүргізушісі жазаланды
Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетіп, оқиға орнынан қашпақ болған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

8 шілде, 2025
Қазақстанда 6 балдық жер сілкінісі тіркелді
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС мәліметінше, сейсмикалық жағдай Жамбыл облысында тіркелген, деп хабарлады Elordainfo.kz.

8 шілде, 2025
Қостанайда бопсалаушылар тобы ұсталды
Қостанай облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалауға қатысы бар деген күдікпен бір топ адамды ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

8 шілде, 2025
12 жыл бұрын Теміртауда қылмыс жасады деген күдікті Дубайдан қайтарылды
Бұзақылық ниетпен жәбірленушінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірді деген күдікті БАӘ-ден қайтарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

5 шілде, 2025
Жетісу облысында шетелдік азаматқа заңсыз шот ашқан банкке 1 миллион теңгеден астам айыппұл салынды
Жетісу облысында шетелдік азаматқа заңсыз шот ашқан банкке 1 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Есепшот интернет-алаяқтар ұрлаған қаражатты аудару үшін пайдаланылған. Қазір банк қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

4 шілде, 2025
Шымкентте Ansar Gold қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
Өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға 5 ай ішінде салынған қаражаттың 40-60%-ы көлемінде ай сайын табыс түсетінін және негізгі капиталдың сақталуына кепілдік берілетінін уәде еткен, деп хабарлады Elordainfo.kz.

4 шілде, 2025
Интерпол ел азаматын еңбек құлдығына түсу қаупінен құтқарды
Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің Интерполы еліміздің азаматын еңбек құлдығына түсу қаупінен құтқарды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

4 шілде, 2025
Біріккен Араб Әмірліктерінен алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды
ҚР Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің көмегімен Дубай қаласынан алаяқтық үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

3 шілде, 2025
Астанадағы мейрамханалардың бірінен өрт шықты
Астанадағы Мәңгілік ел даңғылында орналасқан мейрамханадан өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

3 шілде, 2025
СҚО-да құтқарушылар адасып кеткен ер адамды тапты
Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар ауыл шаруашылығы жұмыстары кезінде далада адасып кеткен ер адамды аман-есен тапты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

2 шілде, 2025
Таразда кортеж ұйымдастырған мектеп түлектері анықталды
Полиция қызметкерлері аумақты патрульдеу барысында Тараз қаласындағы бірнеше орта мектептің бітіруші түлектерінің оқу жылын аяқтауға арналған іс-шара аясында көлік кортежін ұйымдастырғаны анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

2 шілде, 2025
Қарағандылық зейнеткерден 22 млн теңге жымқырған күдіктілер ұсталды
Қарағанды қаласының полиция қызметкерлері алматылық әріптестерімен бірлесіп, интернет-алаяқтыққа қатысты кезекті қылмыстың бетін ашты. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Алматы қаласында көрші елдің екі азаматы қолға түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

1 шілде, 2025
Ресейде жантүршігерлік жол апатынан екі қазақстандық қаза тапты
Ресейдің Алтай өлкесінде орналасқан А-322 автожолының 187-шақырымында ірі жол-көлік апаты болды. Қайғылы оқиға салдарынан алты адам қаза тапты, олардың екеуі – Қазақстан азаматы. Бұл туралы Elordainfo.kz агенттігі Life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлады.