Қостанайда бопсалаушылар тобы ұсталды


Қостанай облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалауға қатысы бар деген күдікпен бір топ адамды ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу мәліметтері бойынша күдіктілер алдын ала келісім бойынша әрекет еткен. Олар қорқыту арқылы жәбірленушіден ақша талап еткен. Қылмыс ұйымдасқан сипатқа ие болғандықтан, бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау) бабы бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын және басқа да эпизодтарды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Құқық қорғау органдары азаматтарды қылмыстық әрекеттерге бейжай қарамауға және мұндай фактілер туралы дереу хабарлауға шақырады.



