Дәрігерлер ұшақта есінен танып қалған жолаушыны аман алып қалды

Фото: Денсаулық сақтау министрлігінен
9 шілдеде Атырау – Астана бағытындағы түнгі рейс кезінде жасы үлкен жолаушы өзін кенет жайсыз сезініп, есінен танып қалған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сол сәтте ұшақ бортында болған Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев пен Алматы қаласындағы Arsamed клиникасының дәрігері Зағира Анық шұғыл медициналық көмек көрсеткен.
Олар ұшақ қонғанға дейін жолаушының жағдайын бақылаған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты.
Ұқсас жаңалықтар

10 қазан, 2025
Үйіне қайтарып жіберген: Жамбыл облысында 6 жасар қыз көз жұмды

10 қазан, 2025
Екібастұзда ішімдік ішкен 3 ер адам мен 3 әйел ажал құшты

10 қазан, 2025
Астанада полиция жасөспірімді ұрып-соғып қашып кеткендерді іздестіріп жатыр

9 қазан, 2025
Ерболат пен Эльмира Жанабыловаларға қатысты сот қорытындысы өзгеріссіз қалдырылды