Астаналық азамат үйін жөндетемін деп 4 млн теңгесінен айырылды

9 шілде, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық азамат үйін жөндетемін деп 4 млн теңгесінен айырылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада полицейлер құрылыс қызметтерін көрсетуге байланысты алаяқтық фактісін тергеп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

«56 жастағы ер адам тапсырыс берушілерге қайта жоспарлау және реконструкциялаумен бірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге уәде берген. Ол 4 миллион теңге көлемінде алдын ала төлем алған, алайда ұзақ уақыт бойы жұмысқа кіріспей, кейін мүлде байланысқа шықпай қойған», - делінген хабарламада.

Жәбірленушілер полицияға арызданған. Тергеу шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, оған елден кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Полиция азаматтарды мердігер таңдауда мұқият болуға шақырады: міндетті түрде жазбаша келісімшарт жасасып, орындаушының лицензиясы мен тәжірибесін тексеріңіздер, кепілдіксіз ірі сомада ақша бермеңіздер.