Жамбыл облысының ТЖД базасында жедел штаб құрылды

8 шілде, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Жамбыл облысының ТЖД базасында жедел штаб құрылды
Фото: ТЖМ

Қазақстан ТЖМ командалық орталығы және Жамбыл облысының ТЖД базасында жедел штаб құрылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Байланыс және көмек үшін жедел желі іске қосылды:

ТЖМ командалық орталығы – 87172-55-96-21;

Жамбыл облысы ТЖД 8-7262-51-41-67.

ТЖМ командалық орталығының жедел штабында ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен бейнеконференция-байланыс жүргізілді.

Өңірдегі жағдай талқыланды.

«ҚР ТЖМ күштері мен құралдары ден қоюға толық дайын. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. ТЖМ мониторингті жалғастыруда және өңірмен тұрақты байланыста.

Азаматтардан сабырлық сақтауға және ресми ақпарат көздерінен хабардар болуды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысында 6 балдық жер сілкінісі тіркелді.