00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жол ережесін бұзған жасөспірімге жеті хаттама толтырылды

5 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жол ережесін бұзған жасөспірімге жеті хаттама толтырылды
Фото: ашық дереккөз

Алматыда жол ережесін бұзған 19 жастағы жасөспірімге жеті хаттама толтырылды, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның заңсыз әрекеті әлеуметтік желілер арқылы белгілі болды. Жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімі тексеру ұйымдастырды. 19 жастағы М. есімді азамат анықталды және ұсталды. 

Оған қатысты келесі құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік іс қозғалды: 

– ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі – 5 хаттама (Жол белгілерінде белгіленген талаптарды сақтамау);  

ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі (Жол қозғалысына қатысушының төтенше жағдайдың туындауына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы); 

ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі (Маневр жасау ережелерін бұзу). 

Сонымен қатар жүргізушімен алдағы уақытта жол ережесін бұзудың алдын алу жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізілді.