Қарағандыда жүкке жасырылған телефондар түрменің кіреберісінде әшкереленді


Ұлттық ұланның әскери қызметшілері кезекті рет қырағылық танытып, түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған заттардың өтіп кетуіне жол бермеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оқиға техникалық өткізу-бақылау пунктінде кезекшілік кезінде болған. «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің жеке атқыштар ротасының әскери қызметшілері - Ерлан Қанат, кинолог көмекшісі Береке Дөнебай, сондай-ақ қарауыл қызметіндегі Ерболат Тойлыбай мен Ерназ Әскербеков «ГАЗель» маркалы жүк көлігін тексеру үшін тоқтатқан.
Қызметтік иттің көмегімен жүргізілген мұқият тексеру барысында бояу құтыларының арасынан әдейі жасырылған тыйым салынған заттар табылды. Атап айтқанда: 8 мобильді телефон, 4 қуаттағыш құрылғы, 2 SIM-карта және 3 жұп құлаққап анықталды.
Оқиға туралы ақпарат кезекші бөлімге жеткізіліп, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.



