Қызылордада ірі көлемде есірткі тасымалдаған екі азамат ұсталды
"Қарасора" іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Арал ауданы тұсында Самара - Шымкент тас жолында жол ережесін бұзған Toyota автокөлігі тоқтатылды, деп хабарлады Elorda.info
Бұл туралы polisia.kz Telegram арнасы жазды.
Тексеру барысында көліктен сөмкеге салынған жасыл түсті зат анықталып, айғақ зат ретінде алынды.
Сараптама қорытындысымен алынған зат 25,2 кг астам "кептірілген марихуана" екендігі нақтыланды. Автокөлікті тізгіндеген 43 жастағы жүргізуші мен жолаушысы Атырау облысының тұрғындары болып шықты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды,- Арал ауданының полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі Жылқайдар Отаров.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.