Талдықорған маңында жер сілкінді

Фото: gov.kz
Астана уақыты бойынша сағат 16:01 минутта Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 км қашықтықта жер сілкінді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 23 мамырда Астана уақытымен 16 сағат 01 мин жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан шекарасында Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 км жерде орналасқан.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер анықталуда.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Ұқсас жаңалықтар

10 қазан, 2025
Үйіне қайтарып жіберген: Жамбыл облысында 6 жасар қыз көз жұмды

10 қазан, 2025
Екібастұзда ішімдік ішкен 3 ер адам мен 3 әйел ажал құшты

10 қазан, 2025
Астанада полиция жасөспірімді ұрып-соғып қашып кеткендерді іздестіріп жатыр

9 қазан, 2025
Ерболат пен Эльмира Жанабыловаларға қатысты сот қорытындысы өзгеріссіз қалдырылды