Түркістан облысында мұнай контрабандасымен айналысқан топ ұсталды
21 шілде, 2023
Елорда ақпарат
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстандық мұнай өнімдерін ірі көлемде теңіз арқылы шетелге заңсыз шығарумен айналысқан контрабандалық топ қолға түсті, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік қызметі комитеті мәлімдеді.
20 шілдеде ҰҚК Түркістан облысының прокуратурасымен өзара әрекеттесе отырып, қазақстандық мұнай өнімдерін теңіз арқылы шетелге заңсыз шығару арнасының жолын кесті -делінген мәлімдемеде.
Қазіргі кезде Астана, Шымкент қалаларының және Түркістан мен Маңғыстау облыстарының аумағында тиісті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды
19 қараша, 2024
Пойызда ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды