00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Түркістан облысында элиталық саяжай үшін 270 жер телімі заңсыз берілген

8 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Түркістан облысында элиталық саяжай үшін 270 жер телімі заңсыз берілген
Фото-коллаж: Elorda.info

Түркістан облысында прокурорлар таулы аймақтарда орналасқан 270 жер телімдерін элиталық саяжай құрылысына заңсыз берілгенін анықтады, деп хабарлады Elorda.info

Бас прjкуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған өңірде азаматтарға жалған құжаттар ұсыну арқылы 26 жер учаскелерін рәсімдеген және 28 жер учаскелерінің орнын заңсыз өзгерту дәйектері орын алған.

Жергілікті атқарушы органдар Түркістан қаласы, Сарыағаш, Сайрам, Төлеби және Түлкібас аудандарындағы 200 ауыл шаруашылық жерлерінің нысаналы мақсаттарын негізсіз тұрғын үй құрылысы және демалыс аймақтарына өзгерткен. Аталғандардың негізінде жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне қатысты билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану және алаяқтық фактілері бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды, деді Бас қадағаоушы органның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.

Бұдан бөлек прокурорлардың ұсынысы негізінде мемлекеттік органдар 400-ден астам жерді мемлекет меншігіне қайтару процесін бастады.