00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Шымкентте 3 адамнан 12 млн теңге алдап алып кеткен күдікті ұсталды

24 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шымкентте 3 адамнан 12 млн теңге алдап алып кеткен күдікті ұсталды
фото: Оңалхан Өнерхан

Шымкент тұрғындары балабақшаға жұмысқа орналасу үшін алаяққа 12 млн теңге берген, деп хабарлады Elorda.info

Polisia.kz. сайтының жазуынша, Еңбекші аудандық полиция басқармасына алаяқтық туралы арызбен үш азаматша жүгінген. Жәбірленушілердің айтуынша, бейтаныс әйел оларды балабақшаға тәрбиеші етіп жұмысқа орналастыруға уәде берген. 

Күдікті бұл қызметі үшін сенгіш әйелдердің әрқайсысынан қомақты ақша алған. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 12 миллион теңге. Аталған жайт бойынша полицейлер тергеуді бастады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған Түркістан облысының тұрғыны болып шықты,- деп жазды дереккөз

 Қазіргі таңда, әйел қамауда отыр.