Шымкентте бопсалаумен айналысқан жастар ұсталды


Шымкентте «Заң және тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған жедел іс-шаралар барысында маргиналды жастардың қылмыстық әрекеті тоқтатылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Үш ер адам мен бір қыздан тұратын топ 19 жастағы екі тұрғынға күш қолданып, қорқытып, 3 мың АҚШ долларын бопсалаған.
«Бірнеше мекенжайда тінту жүргізу нәтижесінде тәртіп сақшылары заңсыз әрекеттердің маңызды дәлелі болатын көптеген айғақты заттарды анықтады.
Атыс қарулары мен суық қару, өзге автокөліктердің техпаспорттары, телефондар және есірткі құралы тәркіленді», - делінген хабарламада.
Тергеу барысында топтың басқа да мүшелері анықталды. Олардың екеуі бұзақылық қылмысы бойынша, біреуі – заңсыз қару сақтағаны, тағы біреуі есірткі қылмысы бойынша күдіктілер.
Ұсталғандардың барлығы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.



