Шымкентте бөлім басшысы мүгедек балалардың ата-аналарынан пара алған
18 желтоқсан, 2024
Фото: Оңалхан Өнерхан
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазіргі уақытта қала прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің қалалық департаментінде бөлім басшысының міндетін атқарушы пара алды деп айыпталып отыр.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары оған мүгедектік топтарын белгілеу үшін 850 мың теңге берген. Ақшаны алуға қалалық емханалардың бірінде жұмыс істейтін медбике көмектескен.
Конституцияның 77-бабы 3-бөлігінің 1)тармағына сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.
Ұқсас жаңалықтар
27 қыркүйек, 2026
Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: ақпараттық манипуляцияларға қарсы фактілер
25 қыркүйек, 2026
Жезқазғанда құтқарушылар пәтерде қамалып қалған екі балаға көмектесті
25 қыркүйек, 2026
Елордада полиция қызметкері биіктіктен құлайын деп тұрған қызды құтқарып қалды
25 қыркүйек, 2026
Каспийде аман қалған Атырау облысының сарбазы жағаға өз күшімен жеткен