Шерзат Полаттың ісі бойынша келесі сот отырысында жарыссөз басталады

29 мамыр, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Шерзат Полаттың ісі бойынша келесі сот отырысында жарыссөз басталады
фото: t.me/Jogargy_sot

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Судья Ерлан Жанұзақов келесі отырыста жарыссөз басталатынын мәлімдеді.

«Келесі сот отырысы 2025 жылдың 2 маусым күні сағат 10:00-де жалғасады. Жарыссөзге дайын болуларыңызды сұраймын»,- деді судья Ержан Жанұзақов. 

Еске сала кетейік, бүгінгі сот отырысында айыпталушылардың көлікте сөйлескен әңгімелері оқылды. Көлікте айыптаушылар Абзал Шынасыл, Равиль Сакиев, Нұрқияс Ілиясов пен куәгерлер Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелді болған. Олар көлікте оқиға туралы талқылайды. 

Кейін жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев оқиға бойынша куәгер деп танылған Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіні оқиғаны жасырып, хабарламағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы сотқа өтініш хат білдірді. Судья бұл өтініш хатты әзірге ашық қалдырды.

Сонымен қатар жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев айыпталушылардан Қаржаубай Нұрымовқа, Жұмабике Қадыроваға және Гүлбара Бишембаеваға моральдық шығын өтеуді талап етті. Оның жалпы соммасы – 600 млн теңгеден астам.  Өтемақы өтеуге қатысты сот әлі шешім шығарған жоқ.