Марқұм Шерзаттың жақындары айыпталушылардан моральдық шығын өтеуді талап етті


Бүгін Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев айыпталушылардан Қаржаубай Нұрымовқа, Жұмабике Қадыроваға және Гүлбара Бишембаеваға моральдық шығын төлеуді талап етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Бірінші, Абзал Шынасылдан Қаржаубай Нұрымовқа ұлының жерлеу рәсіміне қатысты шығын өтеуі ретінде 2 млн 794 мың теңге соманы өндіру. Бұл материалдық шығын. Екінші, Абзал Шынасылдан және Равиль Сәкеевтен ортақтастырып, Қаржаубай Нұрымовқа келтірілген моральдық зиянның өтеуі ретінде 100 млн теңге сомасында өтемақы өндіру. Яғни, әрқайсысына 50 млн теңгеден есептеп отырмыз. Үшінші, Абзал Шынасылдан және Равиль Сәкеевтен ортақтастырылған үлестік түрде Гүлбара Бишембаеваға келтірілген моральдық зиянның өтеуі ретінде 100 млн теңге сомасында өтемақы өндіру. Төртінші Абзал Шынасылдан және Равиль Сәкеевтен ортақтастырылған үлестік түрде Жұмабике Қадыроваға келтірілген моральдық зиянның өтеуі ретінде 100 млн теңге сомасында өтемақы өндіру. Бесінші, Шыңғыс Белқожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ильясов, Азамат Тоқтаубаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметке ортақтастырылған үлестік түрде Қаржаубай Нұрымовқа келтірілген моральдық зиянның өтеуі ретінде әрқайсынан 20 млн, жалпы 120 млн теңге сомасында өтемақы өндіруді сұрап отырмыз. Алтыншы, Шыңғыс Белқожаев Дархан Әскентай, Нұрқияс Ильясов, Азамат Тоқтаубаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметке ортақтастырылған үлестік түрде Гүлбара Бишембаеваға келтірілген моральдық зиянның өтеуі ретінде әрқайсынан 20 млн, жалпы 120 млн теңге сомасында өтемақы өндіруді сұрап отырмыз. Жетінші, Шыңғыс Белқожаев Дархан Әскентай, Нұрқияс Ильясов, Азамат Тоқтаубаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметке ортақтастырылған үлестік түрде Жұмабике Қадыроваға келтірілген моральдық зиянның өтеуі ретінде120 млн теңге соммасында өтемақы өңдіруді сұрап отырмыз. Қосымша ретінде жерлеу рәсіміне кеткен шығын түбіртектері тіркелді. Моральдық зиянды психологиялық зерттеу нәтижесінде алып отырмыз»,- деді адвокат Мейірман Шекеев.



