Шерзат ісі: Айыпталушылардың көлікте сөйлескен әңгімелері оқылды

фото: t.me/Jogargy_sot
Бүгін Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысында оқиға болған түні айыпталушылардың көлікте отырғанда сөйлескен сөздерінің аудиосы оқылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Көлікте айыптаушылар Абзал Шынасыл, Равиль Сакиев, Нұрқияс Ілиясов пен куәгерлер Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелді болған.
Олар көлікте алдымен оқиға туралы талқылайды.
Әңгіме барысында айыпталушы Абзал Шынасыл полициядан қорықпайтынын жеткізген. Тіпті әлдебір полиция қызметкеріне дәл қазір хабарласа алмайтынын айтты.
«Мен полициядан қорықпаймын. Бұл кәдімгі қарапайым полиция ғой», - дейді Абзал Шынасыл.
Ұқсас жаңалықтар

17 қыркүйек, 2025
Елордада есірткі таратумен айналысқан әйел ұсталды

17 қыркүйек, 2025
Алматыда халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматтары ұсталды

17 қыркүйек, 2025
Петропавлда 8 млн теңгені жымқырған коммуналдық кәсіпорын басшылары сотталды

17 қыркүйек, 2025
Павлодарлық тұрғыннан аса ірі көлемде мефедрон тәркіленді