00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Шүменовтің шатағы: Істі Қырғызстан бақылауға алды

14 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шүменовтің шатағы: Істі Қырғызстан бақылауға алды

Астанада қырғыз азаматының соққыға жығылуына қатысты істі Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі бақылауға алды, деп хабарлады Elorda.info. көрші елдің ведомствосының сайтына mfa.gov.kg сілтеме жасай отырып.

 

13 шілде күні жәбірленуші Қ.А. Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Елшілігіне шақырылды, Елші Д. Дюшекеевпен кездесу барысында Қырғызстан азаматына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша еліміздің құқық қорғау органдары барлық қажетті процессуалдық әрекеттерді жүргізіп жатыр. Бұл мәселе министрліктің бақылауында,- деп жазды Қырғыздың СІМ  баспасөз қызметі 

Айта кетейік, жуырда елордадағы  ірі сауда-ойын-сауық орталығының бірінде төбелескен екі адамның видеосы тарады. Оның бірі отандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов екені айтылды.   Бейнежазбадан кәсіпқой боксшы жайбарақат отырған қолында баласы бар ер азаматқа келіп соқтығып жатқанын көруге болады.