Сәкен Мамаш ісі: экс-дипломатқа қатысты алдын ала сот тыңдауы 29 мамырда өтеді

Бүгін, 10:23
Айман Нығмет Айман Нығмет
Сәкен Мамаш ісі: экс-дипломатқа қатысты алдын ала сот тыңдауы 29 мамырда өтеді
фото: sn.kz

Бұл ақпаратты Астана қаласы сотының баспасөз қызметі растады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Белгілі болғандай, алдын ала сот тыңдауы кезінде қылмыстық іс қаралмайды, тек ұйымдастыру мәселелері талқыланады. Сонымен қатар басты сот талқылауы өтетін күн белгіленеді. 

Еске сала кетейік, Сәкен Мамаш Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарған. 2024 жылы мамыр айында дипломаттың әйелі Карина Мамаш 10 жылдан бері күйеуінен зорлық көріп келе жатқанын мәлімдеп, Қазақстан билігінен көмек сұрады. Ол Каринаны ғана емес, жұбайының әпкесін де ұрған. 

Карина Мамаштың  видеосын әйелдер құқығын қорғаумен айналысатын «НеМолчи.KZ» қоры жариялады.

Осыдан кейін Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның БАӘ-дағы елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамашты елге қайтарып жатқанын хабарлады. 

2024 жылы 9 мамырда Карина Мамаш БАӘ-дан елордаға келіп, балаларымен бірге дағдарыс орталығына орналастырылған.

2024 жылы 15 мамырда ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепехаға  «Қинау» фактісі бойынша іс қозғалғанын айтты. 

«Оның қазір қайда екенін айта алмаймын. Материалдарды сараптамаға жіберді, соның нәтижесі бойынша шешім қабылданады. Сараптама нәтижелерін қарау керек, жауап алу мен сауалнамалар қажет», - Игорь Лепеха. 

Оқиғаға қатысты Сәкен Мамаш өз нұсқасын жариялады. Жазбада экс-дипломат өзінің беделді қызметкер болғанға дейінгі өмір жолын сипаттап берген. Сонымен қатар Каринамен отбасы құрғаны мен балалары туралы жазған. Одан бөлек ол жұбайына жасаған қымбат сыйлықтары мен қай елге барып саяхаттағандарын айтқан. 
 
Биыл сәуір айында Сәкен Мамаш Астанада ұсталып, қамауға алынды.  

Сотқа дейінгі тергеуді Астананың Есіл ауданы полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 110-бабы (қинау) бойынша жүргізді. Қылмыстық іс Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта қаралады.