Полицейлер жиһаз цехында есірткі сақтаған қостанайлықты ұстады
7 қаңтар, 2025


Фото: Оңалхан Өнерхан
Қостанай облысының Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында қызметтік итті пайдалана отырып, жиһаз цехында жасыл түсті заттарды сақтаған 38 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мұнда ол жеке кәсіпкер бола отырып, тапсырыс бойынша жиһаз өндірумен айналысқан.
Сараптама көрсеткендей, тәркіленген заттар 600 грамм гашиш және 500 грамм марихуана болып шықты.
Айта кету керек, бұл өте ірі көлемге жатады. Бұл факт бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Есірткінің аса ірі партиясын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдіктінің мүлкі тәркіленіп, ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

12 шілде, 2025
Оралда құмар ойын ойнаған 16 шенеунік жұмыстан шығарылды

11 шілде, 2025
Елордада ұшаққа кешігіп келіп, полицейге тіл тигізген жолаушы сотталды

11 шілде, 2025
Түркістанда көлік тізгіндеген жасөспірімнің әкесі жауапқа тартылды

11 шілде, 2025
Алматы тауларында жоғалып кеткен студенттің мәйіті табылды