Перизат Қайрат мәлімдесінен кейін полиция департаменті видео жариялады

10 шілде, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Перизат Қайрат мәлімдесінен кейін полиция департаменті видео жариялады
Фото: видеодан скрин

9 маусым күні тергеудегі Перизат Қайрат прокуратура органдарына арыз түсіріп, мекеме қызметкері камера есігін күштеп жапқан кезде есік арасына қысылып, дене жарақатын алғанын мәлімдеді. Осыған қатысты Астана қаласы Полиция департаменті видео жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

«Арыз бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу аясында мекеменің бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделеніп, қызметкерлер мен куәлардан жауап алынды. Алғашқы тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша Перизат Қайрат мәлімдегендей, камера есігін жабу кезінде мекеме қызметкерлерінің оған дене жарақатын келтіруі туралы сөздері расталмайды. Бұған Перизат Қайрат өз арызында көрсеткен оқиға сәтіндегі бейнебақылау жазбасы дәлел болып отыр», - делінген Астана қаласы Полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды.