Қостанайда фельдшерді соққыға жыққандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: Оңалхан Өнерхан
Бұл туралы Қостанай облысының Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Алғашқы медициналық жәрдем көрсету кезінде медицина қызметкерлері және үй иелері арасында кикілжің болып, 41 және 51 жастағы әйелдер фельдшерді соққыға жыққан», - делінген хабарламада.
Жедел жәрдем жүрегі ауырған адамға көмекке барған. Реанимация шаралары нәтиже бермей пациенттің жүрегі тоқтаған. Оның екі қызы фельдшер Анель Баймұрзинаға шабуыл жасап, шашын жұлып, ұрып-соққан.
«Екінші фельдшер мен көлік жүргізушісі құтқарып қала алмады. Тек көршісі келіп ажыратып алды», - дейді ол.
Фельдшердің миы шайқалып, самайы көгеріп, беті жараланған. Қазір ол ауруханаға жатқызылды.
Ұқсас жаңалықтар

20 қазан, 2025
Павлодарда есірткіге мас жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)

20 қазан, 2025
Полицейлер 11 млн теңгенің мал ұрлығын ашты (ВИДЕО)

20 қазан, 2025
Екі күн ішінде іздеуде жүрген 286 қылмыскер ұсталды – ІІМ

20 қазан, 2025
«2 млрд теңгеден асады»: ШҚО-да мәслихат депутаты ақша жымқырды деген күдікке ілінді