Оралда салық төлеуден жалтарған кәсіпкер берешегін төледі
Қаржылық мониторинг агенттігі БҚО бойынша департаменті Орал қаласындағы жеке кәсіпкерлердің салық төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлады Elorda.info.
Тергеу анықтағандай, 2019-2020 жылдары құрылыспен айналысатын жеке кәсіпкер көрінеу бұрмаланған мәліметтерді салық декларациясына негізсіз енгізіп, қызметтерді сатып алу сомасын асыра көтеріп, осылайша 605 млн теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған.
Өсімпұлды ескере отырып, өндіріп алуға жататын сома 752 млн теңгені құрайды.
Сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды, себебі кәсіпкер өзінің кінәсін мойындап, салықтар бойынша берешекті өз еркімен төледі, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, мұндай қылмыстық жауаптылықтан босату қылмыстық кодекстің ескертпесінде көзделген.