00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Маңғыстау облысының тұрғыны жалған валюта жасап сатқан

25 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Маңғыстау облысының тұрғыны жалған валюта жасап сатқан
фото: Оңалхан Өнерхан

Маңғыстау облысында жалған ақша купюраларын өткізу бойынша қылмыстық әрекет тоқтатылды, деп хабарлады Elorda.info Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап. 

Ұсталған азамат номиналы 50 АҚШ доллары болатын жалған ақша купюраларын сатумен айналысқан. Ол сот шешімімен қамауға алынды. 

Агенттік қызметкерлерінің бақылауымен жүргізілген сатып алу барысында жасанды ақша сату дәйегі анықталып, жалпы сомасы 3 850 доллар болатын жалған валюта тәркіленді.

Қазіргі уақытта осы дәйек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, - делінген ведомство таратқан мәліметте. 

Өзге тұлғалардың заңсыз әрекетке қатыстылығын анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. 

Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.