Ұлттық тестілеу орталығының базасына заңсыз кірген екі азамат сотталды
25 мамыр, 2024
Зарина Сәрсенбайқызы
Фото: Оңалхан Өнерхан
Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны 2021-2022 жылдары Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына тыйым салынған тәсілмен қол жеткізген, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сәуір айында Орал қаласы соты Қылмыстық кодекстің 206, 250 және 198-баптары бойынша екі азаматтың әрқайсының 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Олар сондай-ақ коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Үкім шығаруға ҰҚК процессуалдық материалдары негіз болды.
Үкім заңды күшіне енді.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды
19 қараша, 2024
Пойызда ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды